file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  156


Автор: Шөмішбай Сариев

Мәңгілік ұмыт дедің, биіктен құлатқанын ба?

Мәңгілік ұмыт дедің, биіктен құлатқанын ба?
Жүрегім тұнық менің, шынымен жылатқаның ба?
Өзгені ұнатқаның ба?!
Басқаның бұлақтарында, әлдешуақтарында
ІІІомылып барасың ба?!
Қайыңдар арасында бүріңді жарасың ба?!
Жүрегім тұнық менің, шынымен жылатқаның ба?
Бір кездері
Сенің көгіңде ұшамын дедің,
Не істесем де құшағымда едің.
Өзімді-өзім ұстадым да,
ләззәттың тұсадым демін.
Неге?
Өзге емес, өзің түсін;
Кернеген кұмарлықты, өрлеген сезім күшін.
Тоғандап тастадың да, өзгеріп қас қағымда
Мөлдіреп бара жаттың,
Бақа ағында.
Ойланып жолдарымда, бұл сырды толғадым да,
Кінәлі болғаным ба?!
Сезімді тұсамауым
Керек пе еді?
Өзгеге ұқсамауым
Керек пе еді?
Болып кеттің әйтеуір
Сен өкпелі.
Әлде мені, аяулым, сағындырғың келді ме?
Тасып жүрген жүректі ағын кылғың келді ме?
Ақ бас толқын самсатып,
Жыр жаздырғың келді ме,
Әлде мені аңсатып?
Дәмің кетпей таңдайда, қия да алмай жүргенім,
Мен өзгедей маңдайға сия да алмай жүргенім,
Мінезіңе қайран қап түсіне алмай кеткенім,
Сусыныңды сайрандап ішіп алмай төккенім,—
Кесірі емес өкпенің.
Оның сыры алдымен құпиялы сезімде,
Жұмбақ болған өзіңде.
Барлық жайды жасырып, ұрлап қалған көзінде.
Еске алғайсың бәрін сен
Оңашалау кезіңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу