Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2023
503

Соңғы сөзі ағаның
Екі көзім – екі бұлт,
Төгіп жатыр нөсерлерін қайғымен;
Ауру деген жер-жүректің төсіне
Тіліп түскен білем.
Ажал атты кұрсаудың
Түрмесінде тұтқын болып жатырмын;
Өмірімнің тәттілігін сезбеуші ем,
Кейін ұққан пақырмын.
Жатсамдағы қиналып,
Кетсем деп те ойламаймын тез өліп.
Үміт шоғы – дәрігер,
Жаутаңдаймын екі ерінім, кезеріп.
Қоштастырып жер беті,
Алып бармақ қабіріне мені еркін;
Мен өмірге келіп-кетті дегенге
Бұл дүниеде сенер кім?
Күтем тағдыр бұйрығын,
Қам көңілді торлап алды барлық ой.
Гүл еріні алыстағы арманның
Бір сүйілмей қалды ғой.
Құм басатын іздердей,
Ұмытылып қаламын-ау күні ертең.
Құшағына оралады-ау өзгенің,
Мені ұмытып гүл еркем.
Өлсем, шебер қолында
Мен білемін табытымның дайынын.
Даналардың азасына жылап ем,
Жылата алмай кетіп барам-айыбым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇