file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  145


Автор: Шөмішбай Сариев

Абай қабірі басында туған ой

Бір Алатау жерленгенге ұксады,
Халқым тауын қалай ғана қиды екен?
Жұмыр жерді орап алған құшағы,
Тар қабірге калай ғана сыйды екен?
Қайран ұлын халқына да қимаған,
Құшағына алып жатыр от мекен.
Бар қазақтың маңдайына сыймаған,
Бір табытқа қалай сыйып кетті екен?
Ескерткіш боп, нәзік жанын ұрлатып,
Ақын шексіз сырға батқан сияқты.
Бар әлемді жүрегімен тыңдатып,
Өзі жайлы тыңдап жатқан сияқты.
Теңіздің көкжиегі ақ шағыл құм,
Жалаң аяқ жүгірсем сылқым еді.
Айдында ойнақтаған бал шағымның
Ғажап еді-ау шіркін-ай күлкілері.
Жалаңаш тәнімде бір оянатын,
Толқында толқындаған сезім майда;
Қуаныш жүрегінде бой алатын,
Апыр-ай, өзіңде өткен кезім қайда?
Көз жетпейтін көгілдір далама ұқсап,
Толқының сыймаушы еді құшағыма.
Қалды ма екен бақытты балалық шақ,
Оймен кез салғанымда ұшаныңа?
Өз қызығын тартады алдыңда әр күн,
Одан асқан байлықтың керегі не?
Бал дәурен балалығым қалды, бәлкім,
Сүңгігенде теңізім тереңіңе.
Көз алдымда зымырап барады күн,
Жатыр теңіз толқыны – сырға қанық.
Біреудің шомылдырып балалығын,
Біреудің жастық шағын ұрлап алып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу