file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  303


Автор: Шөмішбай Сариев

Зулайды күндер

Зулайды күндер,
Тулайды жүрек бұлқынып.
Өзімде менің,
Көзімде менің мұң тұнып;
Қалады-ау жастық,
Барады-ау өмір ұмтылып.
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек бұлқынып.
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек аптығып.
Сезім боп уақыт,
Көзімнен бақыт жақты үміт.
Аңсарым ауған
Қарсы алып алдан бақ күліп,
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек аптығып.
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек алқынып.
Сенемін, өмір!
Келемін қайда шарқ ұрып?
Көп ізге карап,
Теңізді кештім малтығып.
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек алқынып.
Бұл өмір болмас
Мұхитсыз, теңіз, көлсіз де.
Дүние қамас
Зулайды күндер
Күні ертең бірақ менсіз де
Зулайды күндер
Күндер ертең, достым,сенсіз де...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу