file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  114


Автор: Шөмішбай Сариев

Жүрегіме сыр

Шырқасам –
Сен шырқайсың, жайнатып ән,
Сөйлесем –
сен сөйлейсің қайғы атынан.
Бара жатсын кеудемді бұзып жарып,
Жүрегім-ау, мен сені қайда тығам?
Есіліп тұрады әсем күй қашан да,
Қастерлі қайран жүрек қимасам да,
Бір жолата өзіңмен қоштасып-ақ,
Мынау армандастарға сыйласам ба?
Жұдырықтай жүрегім, нұр селдетем,
Тасқыныңды бір сынап көрсем бе екен?
Әлде мен махаббатыма сені қосып,
Қара көз қарындасқа берсем бе екен?
Қасқиып қарсы алдымда тұрып берік,
Атылар тұлпардайсың құрық көріп.
Сыйласам, мен сені Отаныма,
Қакыратып кеудемді жұлып беріп!
Кетсе де бақытымнан қайғы асырып,
Тұғырынан сен барда таймас үміт.
Бұл кеудеме сия алмай, байыз таппай,
Жүрегім-ау, барасың қайда асығып?
Ұқсатамын өзіңе бір таң құсын,
Бұлбұлдай гүл бағымда шырқармысың?
Қауіптісің, жүрегім, осы маған
Арманыма жеткізбей құртармысың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу