Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2023
79
Алға қарап өз-өзімен сасамын
Алға қарап өз-өзімен сасамын,
Ағам ұзап кетіп қалған шығар деп.
Ал артыма қарай-қарай қашамын,
Қуғыншы інім жетіп қалған шығар деп.
Жаутаңдаған жанарымда сан сұрақ,
Ағаларды қуып жетсем сол бақыт.
Арманымның ақ тұлпарын қамшылап,
Інім менің көрінді, әне, шаңдатып.
Өмір жайлы ойлағанда осылай,
Болашаққа жанарымды мен тігіп,
Біреулерді қуып жүрмін, досым-ай,
Біреулерден қашып келем ентігіп.
Алдағылар — қосылатын өзенім,
Соңғыларды — үмітіме теңеймін.
Ағаларға жетерімді сеземін.
Інілерге жеткізбеспін демеймін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter