file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  103


Автор: Шөмішбай Сариев

Ана хаттары

Қарамай арманы мол екеніне:
«Бір көрінбей бұл, сірә, өтеді ме?» –
Деп, ана,
Хат жолдайсың сағынышпен!
Қызың болса қонды құт мекеніне!
«Өсірдім ғой ұл-қызды мұрат көріп,
Кеткендерің қалай бұл жырақ болып? –
Деп ұлыңа жазасың әскердегі,–
Көрініп қайт, қарғам-ау сұрай келіп...»
Хаттарыңнан сағынған жайды ұғамын:
«Жібермейтін үйіңе қай мұғалім?!–
Деп ұлыңа жазасың, оқудағы, –
Өзіңді ойлап мен әр кез қайғырамын».
Балалығым, жан анам, қалды ұяда!..
Ойың тарап отыр ма әр қияға?
Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,
Бірде кетіп қалғың кеп «армияға».
Шақтарда хаттар бізден баяулаған,
– Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған...
Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,
Түс көріп жүр меекенсің, аяулы анам?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу