Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  193


Автор: Шөмішбай Сариев

Тәуелсіз ел – қазағым...

Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары — тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап Ұлы Далам кеңіді.
Жер бетіне қайта шықты алтыны,
Көлдерімде жүзді Аққуы қалқыды.
Толқын атып, дарияларым тасыды,
Тау өзені, Ақ бұлақтар шалқыды.
Сыртқа көшіп талай әулет ел қалды,
Аңыраған ата-қоныс жер қалды.
Жусан иісі жүрегімді толқытты,
ИСІ ҚАЗАҚ ИГІЛІГІН енді алды!
Тіршілікке бас көтерді жан-жағым,
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ! Басталды енді Арманым.
Ер-тоқымды атқа қонды тұлпарлар
КҮЛЛІӘЛЕМДІК ЖҮК КӨТЕРДІ,НАРЛАРЫМ!!!
ТӘУЕЛСІЗДІК жетті бізге бесінде,
АЙЫМ ТУДЫ, ЖҰЛДЫЗ жанған кешімде.
АЛМАТЫДА атқа қонды АБЫЛАЙ,
КЕНЕСАРЫ атқа қонды ЕСІЛДЕ!
Мен — Ақынмын! Үлесім бар менің де,
ТӘУЕЛСІЗДІК орнағаны Елімде.
ТӨЛЕ БИ мен ҚАЗЫБЕК БИ АЙТЕКЕ,
ҮШ БИ отыр АСТАНАМНЫҢ ТӨРІНДЕ!
Өлеңімен айтып өткен Арманын,
Халқым үшін тартса-дағы сан зарын.
Сан қаламгер — тәуелсіздік құрбаны,
Қайта оянып тірілгендей МАҒЖАНЫМ!
Тартса тағдыр тауқыметті азабын,
Сонда-дағы көрдік өмір ғажабын.
Бәріне де ТӘУБЕ БҮГІН, ШҮКІР деп,
МАЙДАН САЛАР ЕЛДІГІҮШІНҚАЗАҒЫМ!
Халқым айтқан: ЖЕР КӨТЕРЕР ЕР ДАҢҚЫН,
Елім айтқан: ЕР КӨТЕРЕР ЖЕР ДАҢҚЫН.
ПРЕЗИДЕНТІМ, АМАН БОЛСЫН ЕЛБАСЫ,
МӘҢГІЖАСА!
МӘҢГІ ЖАСА ЕЛ-ХАЛҚЫМ!!!
ТАУЫМЫЗ БАР,
Таңыратқан Шыңымен,
ҰЛ-ҚЫЗЫНДАЙ ДАЛАМЫЗ БАР –
ҰЛЫ КЕҢ,
Алдарыңда басымды иіп ЕЛ-ХАЛҚЫМ,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!!!

26 қазан 2003 жыл
АЛМАТЫ - АСТАНА ШАҺАРЫ
Конгресс-Холл ғимаратының сахнасында оқылған өлең




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу