file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  239


Автор: Шөмішбай Сариев

Ассалаумағалейкүм, жаңа Астанам

Бет алған Астанаға жол басы деп,
Ақмолаға келгенім алғаш рет.
Сақтаймын деп ордалы кіндік жұртын,
Қазағым тартқан талай сан қасірет.
Азаттықтуы үшін алас ұрдым,
Еркін дәмін татам деп қара судың.
Ат басын бұрған бері Ақмолаға,
Арманы болған талай Алашымның!
Жайқалып сонадайдан көрінді орман,
Қазақпын Тәңір қолдап жолым болған.
Жиырмасыншы ғасырдың басында осы,
Астана шеру тартқан Орынбордан.
Қазағым – қазақ атын қақты есікке,
Ұрпағың жата ала ма жат бесікте.
Астанам Сыр бойына қоныс тепті,
Орынбор төрін сыйлап Ақмешітке.
Жұлдыздар қия шыңнан көрінді анық,
Қайда апарып соғады өмір барып.
Ақмешіт Алатауға төр сыйлады,
Қазақтың зиялысы шоғырланып.
Бірлік болмай халқыма бақ қона ма?!
Ағайын араласпай жат бола ма?!
Алматыға рахмет кіндік жұрты
Астанасын сыйлаған Ақмолаға!
Ақмолам ертеңіңді көрдім анық,
Жұлдызы жансын биік елдің жарық.
Ассалаумағалейкүм! ЖаңаАстанам
Ақындардың сәлемін келдім алып!...

27 ақпан 1998 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу