file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  203


Автор: Шөмішбай Сариев

Өмірдің мен қызығын аз көрмедім

Өмірдің мен қызығын аз көрмедім,
Оралып, көктем қайтып жаз келмедің.
Ой қырын құшақтасам сыймайтындай,
Кеудемді алуан ой, саз кернедің.
Өмірдің мен бақытын көп көрмедім
Көрем деп сол бақытты көкке өрледім.
Ақынның бағы үлкен, ары да үлкен,
Осы екен, уа, ағайын жеткен жерім.
Өмірдің байлығын да көп кешпедім,
Бақпенен жүзбе-жүз кеп беттеспедім.
Бақ талай әйтеуір бір ұшырасса,
Жетем деген арманға жетпес пе едім.
Жырыммен жүрекке дән ексем дедім,
Бақыттың барына да көп сенбедім.
Киелі ел – құдіретті қазағыма,
Өмірде ақын болып өтсем дедім.
Өтінде тұрып — талай, жел-боранның
Қазақтың патшалығы — елге оралдың.
Тәуелсіз өз Елімді көру жазған
Алғашқы Бақытты ақын мен болармын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу