Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  113


Автор: Шөмішбай Сариев

Мендей сүйсе...

Өмірдің мен де мейман қонағымын,
Аңдайтын жолаушымын жол ағымын.
Тең тұрар төрағасы болсам деймін,
Қазақты сүйетіндер Одағының!
Қыранның қуат беріп қанатына,
Ары пәк, кір келтірмес ел атына.
Өмірлік өлеңіммен дауыс берем,
Қазақты сүйетіндер Сенатына!
Қыранның шың басында қалды ұясы,
Әр тауы қымбат маған әр қиясы.
Тіркеңдер, мені әуелі құрылса егер,
Қазақты сүйетіндер партиясы!
Ел десе ағытамын қол-бұлағын,
Дариялар арналарын толтырамын.
Қазақты сүйгендерден бәйге болса,
Өзімен Президенттің тең тұрамын.
Тұңғиықжұмбақиірім, көрмей алаң,
Ел десе, теңізді де тербей алам.
Білмеймін, бар ма, жоқ па бұл өмірде,
Қазақты сүйген шексіз мендей адам.
Ел үшін тартқан тозақ, сөз бе азабың,
Мен қалай көкжиектен көз жазамын.
Тауларым биіктер ед, Дала кеңіп,
Әр қазақ мендей сүйсе, Әз Қазағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу