file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  104


Автор: Шөмішбай Сариев

Арпалыс толқын алысқан

Арпалыс толқын алысқан,
Құдірет күш ғарыштан.
Әр күнім менің Мүшайра,
Уақыт жүйрік жарысқан.
Жарысқан күнім жай деме,
Жарысып жүзген ай неге!...
Әр күнім менің Мүшайра,
Қосылған жүрек бәйгеге.
Теңіздей ойға батырар,
Толқыны да көкке атылар.
Әр күнім менің Мүшайра,
Озатын кейде сәті бар.
Арқалы намыс қозады,
Айға да қолын созады
Әр күнім менің Мүшайра,
Арпалыс-жарыс додалы.
Жүйрік уақыт қарайма
Озады бір күн қалайда.
Әр күнім менің Мүшайра,
Жеткізген мені жаңа айға!
Жарылқап нұрын төккізген
Жалын кешіп отты ізбен.
Әр күнім менің Мүшайра,
Жаңа жыл саған жеткізген.
Тұлпарын тізгін тұсай ма,
Күндерім күнге ұқсай ма.
Көзін де көрдім қос ғасыр,
Әр күнім менің Мүшайра!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу