file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  220


Автор: Шөмішбай Сариев

Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?

"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Бір дауыс жүрегіме үн қатыпты.
Бір дәруіш бақыт деген осы ғой деп,
Жүрегінің дүрсілін тыңдатыпты.
"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Бір дауыс жүрегіме үн қатыпты.
Теңіз-көл, өзен-дария, мұхит, бұлақ
Толқынды иірімдерін жырлатыпты.
"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Тау-шыңы жаңғырығып тіл қатыпты.
Бұл сөзге жауап таппай үнсіз ғана
Үйіріліп ымыртта күн батыпты.
"Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?"
Жұлдыздар жымың-жымың ым қатыпты.
Сауалға жауап іздеп үнсіз ғана
Жаһанда Таң оянып Күн де атыпты.
Дүние бірге Күнмен бір батыпты,
Дүние Таңмен қатар, бірге атыпты.
Дүрсіл қаққан жүрегім өзің айтшы,
Білдің бе, бұл өмірде кім бақытты?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу