file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  129


Автор: Шөмішбай Сариев

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап,
Шырқайды жүрек құрғыр сүйікті ән сап.
Адамның баласы бар тауға құмар,
Өтеді өмірінде биікті аңсап.
Бола ма жол болмасы таусылуға,
Ашпайды дұшпан болса, жау сырын да.
Адамның бар баласы тауға өрмелер,
Бәрібір не бар, не жоқтау шыңында.
Көктемге қыс, жол бермес ызғар сынбай,
Ғұмыр ғой сабы қысқа, бұл қамшындай.
Адамның биігі бар, аласасы,
Бірінен бірі биік тұрған шыңдай.
Тірліктің қоршап қоңыр қарбаласы,
Жетектеп өз аяғың алға басып.
Ойпаң Жерде өмірі өткесін бе,
Адамның тауға іңкәр бар баласы.
Шың болмаса қарайды қайда шығып,
Қайтеді көңілді іңкәр баураса үміт.
Тауда өскен тал-теректей табан тіреп,
Барады сансыз жүрек тауға асығып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу