04.08.2023
3441
Кластасқа құттықтау тілек
Ләззат өмірдің берекелі, мерекелі шағына жеттің. Алпыс жас мерейтойың құтты болсын! Өмір деген де арпалыс, асау толқындай. Осы жолда үлкен жетістіктерге жеттің, ана бақытына бөлендің, адал жар сүйдің, қызды қияға қондырып, құда-жекжатты болдың. Ұлағатты ұстаз болып, өнегелі шәкірт тәрбиеледің. Жақын туысқа құрмет көрсетіп, ілтипатты келін бола білдің. Мен аттаған ақ босаға, бақ босаға деп, барған жерді көркейттің. Ене бағып, ананың ақ батасына бөлендің. Ғұмырын ұзақ, денің сау болсын. Дәулетін аман болып, Мақсатын үлкен азамат болсын. Қолыңды жылы суға салатын ақ маңдайлы келін әкелсін. Той болсын. Тойын тойға ұласып, ақ жаулықты әже бол.
Айтбек Әліпов, 2 тамыз 2023ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter