Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2023
132
Кейде бір жаным жабырқап...
Кейде бір жаным жабырқап
Отырам үйде жай ғана.
Қараймын сонда таңырқап
Серікбайға – шар айнаға.
Көремін содан бір бала
Қырда асыр салып ойнаған.
Шығады ол шырқап шыңға да,
Жастықты жарқын ойға алам.
Содан соң қара қос бұрым
Қол бұлғап өтер айнадан.
Деймін мен іштей:
«Қош, күнім,
Жетелеп кетті қайдағы ән?»
Кетеді көзім бұлдырып,
Ұясына ыстық жас толып.
Түскендей жерге Күн құлап,
Отырам ішпей мас болып.
Ойлаймын, жаным, мен сені,
Ұмытып күйбең бас қамын.
Көтерем сосын еңсені
Назды үнін естіп басқаның...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter