Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2023
139
Жанарың сенің...
Жадыраса қабағың –
Атқан аппақ ол таңым.
Жаным, сенің жанарың
Жанарындай ботаның.
Қарасынан ағы көп,
Қарасы да аумақты.
Тастады кіл жаныма от,
Талай сезім аулатты.
Айтпай білем ойыңды,
Қарасаң сен сәл күліп.
Ысытып өн бойымды,
Жібересің жандырып.
Қадала көп қарадым,
Бір көргеннен ұнаттым.
Жаным, сенің жанарың
Көзіндей дәл бұлақтың.
Жаным, сенің жанарың
Ай менен Күн әрі аспан.
Жанарыңа, қарағым,
Жайдарылық жарасқан.
Қытықтап сен санамды,
Қабағыңмен кел деші.
Тек кіршіксіз жанарды
Жаспен жуа бермеші!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter