Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2023
127

Бар жиһазын жасырмай жайды көпке...
Бар жиһазын жасырмай жайды көпке,
Армандаумен қараймын айлы көкке.
Неге, неге жұлдыздар жылайды екен,
Қуаныштан өмірде қайғы көп пе?
Тілегім сол, табиғат – құдіретім,
Болса мәңгі ғашықтар бір жүретін!
Махаббат қой кімді де жылататын,
Махаббат қой қуантып, күлдіретін.
Өңір бар ма әлемде өлкеме тең,
Ерке желін, ерлігін ертегі етем.
...Жұлдыздар да Жерге бұл ғашық болып,
Көзін жұмып секіріп кете ме екен?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇