Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  113


Автор: Серікбай Оспанов

Аялағым келеді, аялағым...

Аялағым келеді, аялағым,


Сен үшін неден, сірә, аянамын?


Бір қона алмай төбемде айналып жүр


Қыран болып қалықтап баяғы әнім.


 


Назыңды  бір,


Тыңдайын  назыңды  бір,


Сыр тартқаны шығар деп әзілді біл.


Екеуміздің  көңіліміз  секілденіп,


Қырға бүгін гүлменен жазылды жыр.


Назыңды бір тыңдайын,


Назыңды бір.


 


Күлкің әсем,


Тыңдайын күлкіңді де,


Бәрі қазір ыңғайсыз...


Бір түрлі ме?!


Бала күнді сағынып тұрмын, жаным,


Сағынармын әлі мен бұл күнді де!


Күлкің әсем,


Тыңдайын күлкіңді де.


 


Сағындырдың,


Сен  мені  сағындырдың,


Тек өзіңде бақытым барын білдім.


Өзіңді еске ап, еске алып бала күнді,


Бір қыдырған қырға әлі барып жүрмін.


Сағындырдың,


Сен мені  сағындырдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу