Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  114


Автор: Серікбай Оспанов

Бойдағы жамандықты...

Бойдағы жамандықты,


Кештеу ме?


Бүгін білдім.


Пәктікті,


Адалдықты


Ісіңмен ұғындырдың.


 


Сезініп өр көңілді,


Шындықтың күшін білдім.


Түсінбей келгенімді


Сен айтпай түсіндірдің.


 


Айқайлап, аптықпадың,


Ғайбаттап кейде мені.


Шадыман-шаттықтарым


Өзіңмен үйге енеді.


 


Бетіңді айна қылып,


Өтірік сүртінбейсің.


Жүзіңде – жайдарылық,


Көңілдің кілтіндейсің.


 


Жұмыстан еркелей кел,


Мен де бір еркелейін.


Сен мені жетелей бер,


Мен сені жетелейін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу