Шығармалар ✍️
Баланың дамушы ұясы- мектеп !
Баланың дамушы ұясы - мектеп!
Нәрестесі шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап , әрбір ата-ана өз сәбиінің болашағына үлкен жауапкершілік танытары мәлім. Қалай өседі, қайда білім алады , қандай тамақ жейді , не киеді , тағы басқа осы сынды сұрақтар ұлы ержетіп немесе қызы бойжетіп есейіп келе жатқан әрбір ана мен әке баласы үшін тіпті ортаны да таңдап қойып жататын жайттар жоқ емес. Ал, есейіп келе жатқан балаға өзімен тете өсіп, қатар жүрер дос-жаран, білім алар орын , өң-бойын түзей алар орта керек болары айдан анық. Оның барлығын тек бір ғана орта мектептен ала алатынымыз рас.
Мектеп-бала үшін орны бөлек , қызығы мен шыжығы, қуанышы мен басқа да эмоциялары қатар жүретін , өзінің бар болмысын айқын һәм шынайы көрсете алатын мекеме. Сауатын ашып, қолына қалам ұстауына себепші болатын мекеменің жылылығы сонша 11 жыл оқып , үлкен өмірге қанат қаққалы отырған әрбір түлекте қимастық сезімі басым болады екен...
Мен «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебіне» сегізінші сыныптың таяу соңында келген болатынмын . Бастапқыда жаңа мектебімнің әдемілігіне қызыққан болсамда өзгерген ортама үйренісе алмай жүргенім бар . Ұстаздарым жылы шұрай танытып өз елінде жүріп туған жерін аңсаған мына мені барынша жақсы қабылдады. Әлі есімде төртінші қараша күні мені 8«Ә» сыныбы және жаңа сынып жетекшім Калыкова Кенже Базарбаевна күтіп алды. Таңғалғаным сол ұстазы мен бірге ойнап , бірге күлген сынып еді. Қаталдық керек кезде қабағын , жылылық керек кезде жымиғанын көрсететін ұстазым тұтас сыныпты жіпке тізген моншақтай ұстап тұрды. Ортасын ауыстыру өтпелі кезеңде жүрген оқушыға ауыр тигенін сезгендей мектепке келген күннен бастап мені мектеп психологтары әңгімелесуге шақырды , меніменғана емес мектептегі балалардың жағдайымен толықтай таныс болды десемде жалған емес. Бойымдағы дарынымды байқаған ұстаздар мені дамытуға кірісті. Әлі есімде алғашқы жарысым қаңтар айында өтті. Осы бәйгеге қатысуға дайындықты бастаған күннен бері міні осы күніме дейін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нығматулла Гүлзада Сматқызы кез-келген жарысымда, бастамамда , бәйгемде менімен қатар жүзіп , бір келеді. Бәйгелердің қайсысынан озып шықсам осы бір жас болсада бас болған ұстазымның арқасы . Келесі алғысым алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы, мектебіміздің бетке ұстар біртуар азаматы Тукенов Азат ағайымызға арналады. Ұлдарымыздың ұлықты,қыздарымыздың қылықты болуына, ер-азаматтарымыздың отансүйгіш , патриот болуына өз үлесін қосуда. Ең маңызды қадамдарымызда жанымыздан табылатын Азат ағайымызға әрбір түлек жылы лебізін білдіреді деген ойдамын . Оқушыны да, ұстаздардыда қатар басқарып, мектептегі білім сапасының жоғары болуына барын салатын, әрбір шәкіртті өз баласындай уайымдап, щыбын жанын шүберекке түйіп отыратын, әрбір түлегі үшін ештеңеге қарамастан шырылдайтын директорымыз Смагулова Нургуль Нурмаганбетовнаға алғысымыз шексіз. Біздің дамыған ұямыздың бірлігінің сақталып,ұстаздарымыздың қарқынды жұмыс істеуі де , шәкірттердің байыпты болуы да мықты басшының арқасында.
Мен биылғы жылдың үздік түлегімін. Мектебімізден 3 алтын белгі иегерлері , 4 үздік аттестат иегерлері түлеп ұшты. Кезінде 8 сыныпта ауысып келген қыз қазір Кенже апайдың ерке оқушысына айналды . Мектебіміздің ерекшелігі ол әр оқушы мен ұстаз арасынада өзгеге көрінбейтін байлныстың болуы деп білемін. Мектепке деген қимастық сезімін ауызбен айтып жеткізу тіпті мүмкін емес . Біз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекенімізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойымызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анамыздан бүгінде таудай талаппен түлеп ұштық . Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын біз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзімізге тәлім берер алғашқы ұстазымызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едік. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі біздің өрісімізді кеңейтті, бойымызды қатайтты, топшымызды бекітті. Бір білерім мектеп- баланың дамушы ортасы, екінші уйі, жанұясы. Досты да сырласты, алғашқы махаббатыңды кезіктірер орта , балалық қылықтарынды, болмысынды , эмоцияңды ешкімнен еш қымсынбастан көрсете алатын осы бір алты-ақ әріптен құралған бірақ естелікке толы мекеме –мектеп !
Бұл мақаланы жазған кезде ішімде түрлі эмоциялардың арпалысы болды десем өтірік айтпағаным болар. Себебі, мектепте өткен уақыттарыңды, түрлі қызықтарға толы сәттерді жазу оңай емес. Алайда, өзімнің мектепке деген алғысымды тек қағаз бетіне түсіру арқылы ғана жеткізе аламын. Осымен біздіңде мектепте өткен уақытымыз өз мәресіне жетті. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты қызықты өткізе алдық. Ендігі әр түлектің мақсаты асқар асуларды бағындырып, елі мақтан тұтатын пенде болу. Бұл біздің мәпелеп өсірген әке-шешеміздің, ақылшы ұстазымыздың, алтын ұя-мектебіміздің алдындағы басты борышымыз ! Ақ жол, сәт сапар , жақсыларым!
" Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп " КММ
11 «А» сыныбының түлегі
Режепова Аида Закиржановна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter