file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Көңілсіз боп көзім алды мұнартып...

Көңілсіз боп көзім алды мұнартып,


Жүрегіме жүргенімнен мұң артып,


Бір-ақ рет шын қуанып, жадырап,


От болғаным –


Жоқ болғаным мың артық!


 


Табиғатым жаратпаған тас қылып,


Кеудем толы мейірім мен жақсылық.


Шашу болып шашылады шаттығым,


Сезім атты есігімді, аш күліп.


 


Ізгіліктің жолына кеп тұрды ма,


Қуалайын ашуды да, мұңды да.


Ағаларға еркелейін наз айтып,


Егіліп бір сыр айтайын құрбыға.


 


Сусындайын көңіл атты көлдерден,


Аямайын бойда барды мен де елден.


Өздеріңсің маған шаттық сыйлаған,


Бар бақытты алып келем сендерден.


 


Маған алтын, керегі жоқ маған бал,


Оны әзірге тауып алар шамам бар.


Шарап құйып бермесеңдер, бермеңдер,


Қабақ түйіп қарсы алмаңдар, адамдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу