file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  97


Автор: Серікбай Оспанов

Қос қарашық

Қос қарашық қозғалады дамыл жоқ,


Тағы, міне, жалт етіп бір жағылды от.


Осы сәуле, ұшқын осы − бал сезім,


Көкірегімді өртеп жатыр жалын боп.


 


Қос қарашық, неткен әсем, мөп-мөлдір,


Шуағымен шұғылалы көктем жүр.


Төңкеріліп қадалғанда қалтқысыз,


Жүрегіме алтын арай төккен нұр.


 


Өңменінен өтіп жатыр әрі асып,


Маңдайымда менің де  бар қарашық.


Қарашыққа қарашықтар қосылып,


Мен отырмын кетсе еді деп жарасып...


 


Қос қарашық неткен әсем, тұп-тұнық,


Қалғандай бір гүл ішіне бақ тұнып.


Айтпай-ақ қой, айтпай-ақ қой құрбым-ау,


Қос жұлдызың тұр сырыңды ұқтырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу