Өлеңдер ✍️

  04.07.2023
  101


Автор: Серікбай Оспанов

Болғанмен де өзі алтын, сөзі нұсқа...

Болғанмен де өзі алтын, сөзі нұсқа,


Көсілуге кедейдің қолы қысқа.


Түн де қысқа, апыр-ау, сырласатын,


Екі ғашық ынтазар жолығысса.


 


Алды-артына қаратпай алып ұшса,


Тірлікке адам амалсыз бағынышта!


Уақыт қысқа кездесіп, шұрқырасар,


Адал достар бір-бірін сағынысса.


 


Сілтеуіңе қамшының сабы қысқа,


Сырласқанда табиғат таңы қысқа.


Ғұмыр – қысқа, күн – қысқа, қысқа – жастық,


Бұл өмірде әйтеуір, бәрі қысқа!


 


Шықты бірі,


Күндердің батты бірі,


Бірі сәтсіз болғанмен,


Сәтті бірі!


Сәтті күндер қып-қысқа!


Бұл өмірдің


Қысқалығы екен ғой тәттілігі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу