Өлеңдер ✍️
Диалог
@_holdnew_895:
Кімге керек сенің күліп жүргенің?
Жүрегіңді жазар дейсің кімдерің?
Тоғыспаған тағдырлар жолдарында
Кейде сынақ,кейде қайғы,кейде мұң.
@bbb_beka00:
Я расында кімге керек күлгенім
Мені ешкім түсінбестей күйдемін
Мазалайды ойлар мені тынымсыз,
Еске түссе ескі сол бір сүйгенім
@_holdnew_895:
Олда сені ұмытпайды білемін.
Алла болсын шын ниетің,тілегің
Сынақ келсе сабырмен төзе біл,
Ауырсада қарсы айырылып жүрегің
@bbb_beka00:
Қаншама рет кетпеші деп өтінгем
Ол қыз менен кеткеніне өкінген
Кешірші деп айта алмастан жүрегі,
Оралмауға шын ниетпен бекінген.
@_holdnew_895:
Неге сонша өмірден түңілесің
Өткен күнге қарама, сүрінесің
Қайта оралып келмейтін бақытыңды,
Қайтарам деп артынан жүгіресің.
@bbb_beka00:
Сырт көзге біліндіме жалғыздығым
Өмір менен жасырғандай бар қызығын
Еске түсіп кетед(і) өткен күнім,
Сезім жайлы естігенде ән үзігін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter