Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.07.2023
107
Күні бойы шаршаған құм бораннан...
Күні бойы шаршаған құм бораннан,
Ауыл жатыр қап-қара түнге оранған.
Көкірекке көз бітіп жетеледі,
Қараңғыда маңайын кім көре алған.
Жұлдыз ба екен, бір жарық көкті жарып,
Жерге түспей жарқ етіп кетті жанып.
Қарсы алдымнан көрінді
Сол жарқылды
Қағып алған арманым – екі жарық.
Іздегенім осы еді түн жамылып,
Жарқ етті ғой арманым ырза қылып.
Жан-тәнімді жылытып
Көкірегімде
Әлі күнге сөнбей ол тұр жағылып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter