Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.07.2023
75
Толғаныс
Көрінбейді шалғыннан,
Балдай бұлақ ағады.
Үйрек ұшты алдымнан,
Жер бауырлап барады.
Құлай жаздап,
Құламай
Көтеріліп кетеді.
Қайта қонды ұзамай,
Қуған кісі жетеді.
Біреулердің оғынан
Мертіккенге ұқсады.
Жүгірдім кеп соңынан,
Жете берсем ұшады...
Еске аламын сол күнді,
Алғаш сонда білмедім
Ұясынан ол бізді
Адастырып жүргенін.
Болу керек ел абай,
Жүйрік қару қиялдан.
Адастырам мен қалай
Соғысты Жер-ұямнан?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter