file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  24.06.2023
  203


Автор: Серікбай Оспанов

От алдында

(Байтұрсын Ілиясқа)


                            «Қара түнді алаулы таңдай жалғап,


Болмайды ғой жігітке жанбай маздап,-


Деуші едіңіз – ошақта лапылдаған


Отқа қарап отыру қандай ғажап?!»


 


Қуаттандық үңілсек жанған отқа,


Шабыттандық бала боп, дана боп та.


Жанған оттан от алу қиын енді


Ақ арманды қасыңда аға жоқта!


 


Жан балқытып сол бір от пеште жанған,


Көзімізге ойдағы көшкен арман...


Сәл мұздаса,


Жүректі жылытады


Жанарыңның жалыны есте қалған.


 


Бола қоймас!


Ешкімнің жоқ таласы


Әлпештеген әкеміз–от  Ағасы!


Алаулатқан сөндірмей ошақ отын


Әруақты анамыз– От Анасы!


 


Ойға бастар отыру от алдында,


Көшірмесі секілді ол таңның да!


От емес пе көтерер рухыңды,


От емес пе бастауы Отанның да!


 


Сатыр-сұтыр ұшқындап шалқығаны,


Көк аспанға түтіні қалқығаны


Ар, иманды бекітіп бойыңдағы,


Алып бара жатқандай бар күнәні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу