file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  24.06.2023
  114


Автор: Серікбай Оспанов

Саған салмақ көп саламын, білем мен...

Саған салмақ көп саламын, білем мен,


Бәрі-бәрі өзіңе кеп тірелген.


Қайдан сезсін өлшейтіндер өмірді


Ақшаменен,


Киімменен,


Кілеммен.


 


Ей, жүрегім, кім бар мәңгі қалатын,


Сен де өтесің әрі сәби, әрі ақын.


Сөзімен де,


Көзімен де


Көп саған


Қанжар қадап, ине сұғып алатын.


 


Саған ауыр болып жүр ме әр күнің,


Қиыны сол – ала алмайсың сәл тыным.


Басқалары жазылып та кетер-ау,


Ең ауыры – салған жара жақының!


 


Не естімейсің күйіп-піскен кейде елден,


Қажыдың-ау күнделікті күйбеңнен...


Сен сүйгеннен қатты соғып, жүрегім,


Сен тоқтарсың шын беріле сүйгеннен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу