Өлеңдер ✍️

  24.06.2023
  115


Автор: Серікбай Оспанов

Ән сал, достым!

Орысбайға


 


Жүрегімді жандырып,


Тілімдеген,


Ән сал, достым, даусыңмен дірілдеген.


Аяма сен жанымды, жылат мені,


Бір суып, бір ысысын бүгін денем!


 


Ән сал, достым, дауысыңмен майда қоңыр,


Шаттық толып кетсін бір,


Жайнап өмір.


Шын сенейін,


Сенейін айтқаныңа,


Жетелесе ерейін қайда көңіл.


 


Ән сал, достым, беріліп бар жаныңмен,


Қауышайын жеткізбес арманыммен.


Жылат,


Күлдір,


Шаттандыр –


Өнер осы,


Санаспа қандай күйде қалғаныммен.


 


Бір күн жылап, өмір бұл бір күн күлер,


Жүрегіңнен шыққан сен кілтіңді бер.


Құлыптаулы ашайын көкіректі,


Қалғып кеткен сезімді сілкіп жібер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу