Өлеңдер ✍️

  07.06.2023
  97


Автор: Серікбай Оспанов

Құс жолы айқын – болды аппақ...

Құс жолы айқын – болды аппақ.


Тоңдырды ма екен түнгі ызғар,


Бетіне көлдің қонақтап


Дірілдеп тұрды жұлдыздар.


 


Көркем ед неткен бүгін көк,


Көз қысқан онда мың қыз бар.


Ай да жылжиды дірілдеп,


Жел қаққан талда діріл бар.


 


Сезімге, толған арманға,


Құшаққа құшақ қауышты.


Ұқсады денем жанғанға,


Жаныма діріл ауысты.


 


Ашпақ па түннің тылсымын,


Жарқ етті жұлдыз көк тілген.


Саусағы тиген күйшінің


Домбырасы боп кеттім мен.


 


Домбыра едім, қос ішегім


Үзілді,


Қанша жалғанып?!


Мәңгіге сол түн қош дедің,


Бозбала дәурен, балалық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу