Өлеңдер ✍️

  07.06.2023
  93


Автор: Серікбай Оспанов

Талай жан сені жүр қимай...

Талай жан сені жүр қимай,


Жастық шақ, –


Жалын,


Көктемсің!


Кідірмей дүлдүл дүние-ай,


Зу етіп қалай өткенсің?!


 


Айдыным – тұнық.


Күз қонып,


Ол да ұшып кетті асығып.


Көктемім сүйген қыз болып


Түске енді ұйқы қашырып.


 


Биікке қанат сермеуде


Өтпейді ойсыз бір күнім –


Сайрап тұр әлі кеудемде


Көктемде қонған бұлбұлым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу