Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2023
252
Билеп...
Билеп,
Асыр салған күн
Қайтып енді келер ме?
Қапияда қамалдым
Аурухана дегенге.
Көрмегенім жөн еді
Өңім түгіл түсімде.
Бейне қозы көгені –
Өмір өзге ішінде.
Сүйенгендер балдаққа,
Таңылғандар арбаға,
Сау адам аз жан-жақта,
Мұң жүр, мұнда, анда да.
Көз тігіп ем аулаға,
Терезеге телміріп.
Аяқ-қолы сау бала,
Қарт боп маған келді Үміт.
Өмірге адам құштары-ай!
Терезенің ар жағын
Қос балдағымды ұстамай
Кезіп кетті арманым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter