Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2023
88
Көп еді ол кез қатесі...
Көп еді ол кез қатесі,
Ұлың бір тентек еді ғой.
Болмаған соң әкесі
Өзіңе еркеледі ғой.
Анашым, соны сезіп сен
Бетімнен әсте қақпадың.
Ойыннан кейде кешіксем,
Менсіз тамақ татпадың.
Тебіренсең «ұлым» деп,
Жанарың жалын ататын.
Еміренсең күлімдеп,
Қабағың жадырататын.
Бағбаңдай едің, асыл жан,
Өсірген жас шыбықтарын.
Құлаққа құйдым жасымнан
Әкемнің жақсылықтарын.
Мұңыңды, жырлап күлкіңді,
Жалындап жатса жырларым,
Өзің деп бүгін бұлқынды
Жүрегім, қантамырларым.
...Көп еді ол кез қатесі,
Ұлың бір тентек еді ғой.
Болмаған соң әкесі,
Өзіңе еркеледі ғой.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter