file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.05.2023
  158


Автор: Серікбай Оспанов

Ақ қайың

Ақ қайың – аппақ ақ мүсін,


Ағарып атқан таңдарым.


Ардақты махаббатпысың,


Армандарымды жалғадың.


 


Өзіңнен мұңды күй тыңдап,


Ойлаймын саған жат қой деп.


Кетті ме біреу сиқырлап,


Ару ма ең киген ақ көйлек?!


 


Домбырасы ма ең ақынның,


Ақиқат іздеп аһ ұрған.


Ақ найзасы ма ең батырдың,


Ар жолыңда атылған?!


 


Ақ тілегі ме ең ананың,


Айтылып, орындалмаған?


Пәк күлкісі ме ең баланың


Сұм соғыс оты жалмаған?!


 


Ардақтысысың адамның,


Болды екен саған кім ие?


Бұл жерге неге қадалдың,


Сұлулық –


Аппақ дүние?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу