Өлеңдер ✍️

  30.05.2023
  204


Автор: Маржан Ершу

Мұңға көміп жаныңды...

Мұңға көміп жаныңды, 
Ұмытсам сенің барыңды 
Тоқтат мені! 
Жалған сөздерге илансам,
Қызғаныш буып қиналсам
Тоқтат мені! 
Өзімнен асқан көрмесем, 
Тек өзім, өзім , мен десем 
Тоқтат мені!
Жүрегім лаулап от болып, 
Кетердей болсам жоқ болып 
Тоқтат мені! 
Тоқтат мені! Ашу-дұшпан қолынан,
Сапырылысқан тірлік-мұңнан ала қаш!
Сен болмасаң, сырты күлген пенделер
«Тоқта»  деуге жарамас.
Сенің сөзің жүрегімнің бір емі,
Сол сөздерге басымды иіп жүремін...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу