Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2023
80
Жаңбыр жауса шулаған...
Жаңбыр жауса шулаған
Неше ой мен неше сай.
Толқындардай тулаған
Торғайымның көшесі-ай.
Жота-жота жондары
Өткенді еске салғандай.
Екі аяқты жолдары
Қыртыс-қыртыс шалбардай.
Белес-белес құмдары
Құйрығындай қойының.
Қызық билеп тұрғаны
Шөбі қыр мен ойының.
Әжім-әжім кең дала,
Бұйра-бұйра бұлтты аспан.
Жүгіреді жел – бала
Шеп үстімен шық басқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter