Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2023
111
Дауылдар соғып, жұлқылай берсін жел мені...
Дауылдар соғып, жұлқылай берсін жел мені,
Қайғысыз, мұңсыз көңілді күйлер тербеді.
Махаббаттардан ойлануға да мұршаң жоқ,
Ішпей-ақ масаң асау көктем бас бермеді.
Өзіңмен өзің қалғаннан жаман жоқ екен,
Дос-жаранды ойлап көзімнің жасын көл етем.
Ұйқым да қашып, күлкім де қашып күні-түн,
Қимастарымды қиялымда тек тербетем.
Бұтақтарым мен жапырақтарым тоналды,
Күз келгелі бұл өмірім мұңды боп алды.
Жарқылдап күлген, қасыңда жүрген асылдар –
Аспан мен жерде жүлдыздар қанша жоғалды?!
Жүрегім болып есігімді олар қағады,
Көзімді жұмсам, бәрі кеп қоршап алады.
Өткенімді ойлап, жеткенімді ойлап, қамығып,
Түндерім енді ұйқысыз өтіп барады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter