Өлеңдер ✍️

  27.05.2023
  81


Автор: Серікбай Оспанов

Қошалақ

Ой-шұқыр жері қызық осы алаптың,


Барады қақ төбеде бошалап күн.


Төбелер адыр- адыр


Жел үйірген


Құмдары қайырлы елге Қошалақтың.


 


Жатқанға жайлы мамық, көпшік болып,


Бір күн арып,


Бір күні өсіп –толып,


Қыдырып күндіз- түні ойға - қырға,


Жүреді құм шағылдар көшіп- қонып.


 


Құлдырап құлан жортқан құнарлы құм,


Алдыңнан шығар бие, шығар құлын.


Алайда аңдатады ауыл- аймақ


Жайтабан түйеге елдің құмарлығын.


 


Қыстауы қалың құмның қоршауында,


Түйемен қатынайды ел көрші ауылға.


Нар тұлға жігіттері, бота- қыздар,


Түйебай, Тайлақбайлар осы ауылда.


 


Машина жүре алмайды,


Қол шаналы,


Арбалы жылда тұзға жол салады.


Батыста Қошалағы Жұмекеннің,


Торғайда-


Бұл Шәмілдің Қошалағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу