Өлеңдер ✍️

  26.05.2023
  1040


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жемқорлар

Күн болды, малын меңзеп даралайтын,
Қанына, нәсіліне қарамайтын.
Ар сатқан, нәжіс үшін мешкейлер жүр,
Білместен, қасіретін қара лайдың!


Жемқордың, қай жолда да ортағы бар,
Жоспармен сөз жүгендеп, жортады олар.
Болса да, қилы жолдар, қиямет бір,
Тұқымы, жәбірленер жол тағы бар!


Шындықты шымбайына күрмелеген,
Жауыз жүр, жалған жат деп, мүлде менен.
Сол күрмеу, кеңірдектен қысып бір күн,
Келерін, білмейді-ау, жүлдеменен!


Төселген іске қисық, ақ сақалдар,
Қашанғы, харам жолмен ақша табар?!
Аранын, арбай алмай ашкөз елде,
Лағнет, келтіріп жүр патшаға бар!


Көрсеткен, көкбеттеніп, иван қылық
Қояды, ақымақты иландырып.
Жайылсын, тамырым кең, деген жандар,
Орнатар, қиналса да,имандылық!



  •  



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу