18.05.2023
  287


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 3 бөлім

Сонда да жұрт оларды "ауылдық"-деп, кемсітуді доғарған жоқ.

- Гүлдана, Ұлжалғас бүгін кешкісін қыздар клубқа барғалы жатыр. Сендер барасыңдар ма?

- Жоқ, біз ондай жерге барып көрген адам емеспіз. Барғымыз келмейді де.

- Ой қойыңдаршы. Сендер осылай артқа шегіне берсеңдер жұрт сендерді мазақ етуді тоқтатпайды.

- Мен қатты қысыламын. Оның үстіне киетін тәуір киіміміз жоқ.

- Ол жағынан алаңдамаңдар. Мен бере тұрамын.
Қос құрбы, Айдананың ашық шашық, жартылай жалаңаш киімдерін киіп, Айдана аздап оларды әрлеп, сәндепте берді. Өмірлерінде бетіне бояу тимеген қос құрбы айнаға қарап, өз-өздеріне тамсанып, көріктеріне көздері тоймай мәз мейрам болып клубқа барды. Ой бір шекелерінен тер бұрқырап шыққанша билеп, шаршап әлі құрып биік өкше аяқ киімді қолдарына ұстап, сүйретіле жатақханаға әрең жетті.

- Қалай қыздар, бүгінгі кеш сендерге ұнады ма?

- Ой құрсын несін айтайын. Өмірімде мұндай көңілді күн болмаған шығар.

- Саған Гүлдана ұнады ма?

- Билеп шаршағаным соншама сөйлеуге әлім жоқ. Рақмет саған Айдана. Өмірімізге мән кірді.

- Сендерге бір қызық айтайын ба? Жоғарғы курстың жігіттері сендерден көз ала алмай қалды ғой. Сендерді" ауылбай "-деп жүрген қыздар қызғаныштан өртенуге шақ қалды.

- Мұның бәрі сенің арқаңда. Саған көп рақмет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу