Өлеңдер ✍️

  18.05.2023
  309


Автор: Сара Тастанбекқызы

Сара мен Құдайберген айтысы

Сара Бекбайға шыққаннан кейін оған жеңге ретінде қалжыңдай беретін Құдайберген деген ауыл ақыны бірде оны мұқатпақ болып, ауыл-үй арасындағы өсекті малданып, бір ауыз өлең айтады.

Құдайберген:
Келін боп бұл ауылға Сара келді,
Қолына домбырасын ала келді.
Төлімен Тасыбайды көбейтсем деп,
Ішіне бір баласын сала келді.

Сара:
Еліңде, Ермек, Түбек мықты болған,
Құл, қатын сорпасына күпті болған.
Балам тұрсын, төсімде емшегім жоқ,
Еліңде қызың көп пе жүкті болған?!
Күй тартсам бал тамады бармағымнан,
Бассам теңіз ойылад салмағымнан.
Бір тарпып ақ тайлақша тастар едім,
Атаңның қорқып тұрмын аруағынан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу