file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  185


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Имандылық

Тура бол, адам,
Кішіпейіл және мейірімді бол:
Тек сондай ерекше бір түрлерінен,
Оны өзге жандардан
Ажыратып та тани аламыз.
Жоғары сатыда, бізбен бірге,
Жасасын белгісіз ұқсас жандар.
Оның оңды жүріс-тұрыстары –
Сенімменен үлгі болар.
Табиғат – анаға,
Бәрібір.
Күннің нұры
Бірдей жарық берер,
Жаманға да, жақсыға да,–
Оңбаған жауызға да,
Ай мен жұлдыздардың да
Сәулесі түсер оңбаған жауызға да, жақсы жанға да.
Самал жел мен нөсерлер,
Толассыз жаңбыр, бұршақтар,
Кездейсоқтан жауса егер,
Жолшыбай жолындағының,
Кездескеннің бәрін де түгелімен алып кетер.
Бақ пен бақыт та, сол секілді,
Жер жүзін шарлап жүріп,
Жазықсыз бұйра шашты балаға келер жетіп,
Болмаса аяғында қу басына қайғы әкелер.
Мәңгілік, темір,
Кемеңгер заң бойынша,
Амалсыздан айналшақтап,
Дөңгеленіп өмір сүрген,
Құл-пенделерміз біз.
Бір ғана адамның,
Қолынан келер, байқау – сезімі бар,
Ақылмен бәрін де ажырата алар,
Ол бір ғана сәтте,
Мәңгіліктен болар хабардар.
Ол жасай да алады,
Жақсылық істер сыйлауға,
Жамандықты басып жаншып тастауға,
Емдеп те, аман сақтап қалуға да,
Барлық адасқандарды,
Қалыстарды жөндеп,
Пайдалы, дұрыс жолға салуға да.
Теңдесі жоқ еңбектерін,
Аз да болса,
Адамгершілік істерін көріп, бағалап.
Біздер, осындай өлмес мәңгілік жандарға,
Басымызды иіп, құрметтейміз,
Әрқашан да адал, тура бол, адам,
Кішіпейіл де, мейірімді бол.
Елің үшін, туралықтың тура жолы,
Жемісі үшін,
Тынымсыз еңбек еткін!
Біздер үшін үлгі болғын,
Жол бастағын!

1783




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу