27.04.2023
  312


Автор: Әсерлі әңгімелер

Жындардың тойында ән салған қыз - 2 бөлім

Құрбыларым мен пәтер жалдап тұрушы едік. Караокеден шығып пәтерімізге келдік. Әлгі кісінің айтқан ұсынысы миымнан шығар емес. Бір жағы ақша тауып өз қажетіме жаратсам жақсы емес пе деп ойлап қоямын. Бірақ әке-шешеме берген уәдем бар. Тойда ән салсам қазіргі заманда ақпарат желден жылдам тарайды ғой. Бұл жайла әкем естісе үйге қайтарса не болады? Сол түні ұйқым қашып, ойым әбден шатасты. Ойлана келе оқуымды оқып тыныш жүруге бел будым. Күндер өте берді. Шығыным шаш етектен. Пәтер ақысы, жеп-ішер тамақ, киім-кешек, ары-бері қыдыру бәріне ақша жетер емес. Стипендиям түкке жетпейді. Амалсыз тағыда әкемнен ақша сұрау үшін қоңырау шалдым.
« Әке» - күмілжіп тұрғанымнан-ақ әкем бірден түсінді.
- Тағы ақша сұрағалы тұрсың ба? Санаң соншама таязданып кетті ме? Тапқанымды саған берсем өз күнімізді қалай көрмекпіз? Бір апта бұрын ғана ақша салған жоқпын ба? Өзіңнен кейінгі бауырларың барын ұмыттың ба?
- Кешіріңіз әке..
- Стипендияңды жеткіз өзіңе.
- Жарайды әке.

Сол мезетте ашудан жарылардай болдым. Сол сәтте « әлі-ақ көресіңдер»деп өзіме өзім ант бердім. Әлгі продюсердің визиткасын іздеп тауып бірден қоңырау шалдым.
- Сәлеметсіз бе!
- Сәлем, тыңдап тұрмын.
- Өткен жолы караокеде кездесіп едік. Ән жазғызайық деп едіңіз.
- Иә, есіме түстің. Ойлап бір шешімге келдің бе?
- Сол үшін хабарласып тұрғанымды біліп тұрсыз ғой.
- Тамаша, ендеше саған мекен жайды жіберем. Сол жерге келсең бірге ән жазамыз.
- Жарайды.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу