Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2023
297
Қырандай құзға соғып
Сезімің селт етпейді,
Жүрегің сыр бердіме.
Сырғымай саңлау ойлар,
Үмітің бірге өлдіме.
Заманның сұрқы мынау,
Бірікпей бас, ыдырау,
Өшіріп от жалынды,
Жауап жоқ, кілең сұрау.
Ұшқыннан жалын шығып,
Лаулайтын кез келдіме,
Қарашы мойын бұрып,
Сәттілік безбедіме.
Құзғындай місе тұтқан,
Өлексе жын-жыпырға.
Ібіліс шайтан ұтқан,
Заманда, кіл құтырған.
Жанатын жүрек болса,
Сезімге от берейін.
Талабың тіреп, толса,
Жетектеп өткерейін.
Әйтпесе қыран ға ұқсап,
Өлейін құзға соғып.
Өлексе жемтік етпей,
Өтейін болып, толып.
Жалт еткен көк сүңгіше,
Бұлттарды ыдыратып,
Төксейші нөсерлетіп,
Жандарды жадыратып.
Көктемгі қызғалдақтай,
Құлпырар үкілі үміт,
Жан желі дамыл таппай,
Толтырар үкіні үріп.
Содан соң жұлдыз жанар ,
Жарқ еткен, «Темір қазық»,
Әзірше осы жырды,
Қылсаңшы жаныңа азық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter