Әңгімелер ✍️
Енесі мен абысынын дуалаған келін - 9 бөлім
Төсекке құлай кеттім. Ыңқылдап, сыңқылдап ішімді ұстадым да жата бердім.
- Не болып қалды?
- Білмеймін, жүрегім айнып құса беріп жатырмын.
- Тағы да тамақ жемедің бе? Аузыңнан қайтып шыққанша жедің бе?
- Жоқ, олай емес. Ешқандай иіс үнамай жатыр.Құсқым келе береді. Жүрегім айнып, бірдеңелерді жегім келіп тұр.
-Тоқташы, әлде сенде бір өзгеріс бар ма?
- Білмеймін, сол ішім де ауырып жатыр.
- Жаным, осы күнді көп күттім ау рақмет. Рақмет саған. Мен әке боламын.
(Сол кезде өзімнің өтірік айтып тұрғаныма еш қиналмадым. ) Ол қуана сыртқа атып шығып кетті. Артынан бағанағы ашуындан еш бір із қалмаған жүзі қуанышқа толы енем мен абысыным жетіп келді.
- Келін-ау, жаңа маған неге бірден осылай айтпадың? Жағдайың қалай? Не жегің келіп тұр? Самса пісіріп берейін бе? Не қалайсың бәрін айт.
- Келін шырағым, аяғыңның астына көрнешені бүктеп қойып жат. Тірлік бітпейді бәрі-бір. Емін еркін жата бер.
Бәрі мәз мейрам болып жүрді. Орнымнан тұрып, сыртқа шығып дәретханаға барсам етеккірім келіп тұр. Өтірік айтқанымды білдірмеу үшін не істерімді білмедім. Оның үстіне күйеуім бірден сезіп қоятынын жақсы білемін. Абысыным ұлына қатты ұрсып жатқанын көрдім де құлағыма шайтан сыбырлады ма білмеймін, арам ойымды іске асыруға кірістім. Қолыма шелекті алып краннан су тасып қыщанақ қайнатқан қазанды жуып, жабылған банкаларды ішке тасып жүрдім. Өзім жылап жүрмін. Содан бір кезде жұрттың назарын өзіме аударту үшін банканың біреуін жерге тарс еткізіп тастап жібердім де шыңғырып айқайлай бастадым. Жұрт келем дегенше жерге ішімді ұстап екі бүктеле жатып қалдым. Бәрі жүгіре жетіп келді. Етегімдегі қанды көріп абысыным шошып кетті.
- Ойбай, апа қан кетіп жатыр.
- Келін мен саған аяғыңды көтеріп жат дедім емес пе? Неге жүрсің?
- Сіздер ашуланып жақтырмай жүрсеңіздер мен қалай еркін жатамын?
- Саған біреу бірдеңе деді ме?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter