Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  262


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

НАМАЗ ХАҚЫНДАҒЫ ДИУАН

Саған айтам, уәли, дінсіздіктен ел азды,
Егер өлі болмасаң,
қаза қылма намазды.
Азан жетсе құлаққа,
сол ғой асыл мұрат та –
Діннің туын құлатпа –
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Құс сезімін паш қылып,
Тартты ағаштар тасбих.
Болса үмітің, – бас тігіп
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Намаз оқып, зікір ет,
Өлімді ойлап пікір ет,
Жүрегіңмен шүкір ет,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды...
Намаз оқу – сынақ-дүр,
Ақыретте пырақ-дүр,
Қабіріңде шырақ-дүр,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Әзірейіл жанды алар,
Керексіз боп тән қалар.
Дәруіш Жүніс зарланар:
Тұр сахарда, қаза қылма намазды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу