Өлеңдер ✍️
ЖОҚТАУ
Көз ойланса осы қайғы жайлы шын,
Көк тартса егер бұл айрылу қайғысын,
Сезсе дәмін мұның патша
– байғұсың
–
Не болғанын жан
-тәнімен ұғар
-ды,
Көз түн демей, күндіз демей жылар
-ды,
Аспан жұлдыз, күн, айымен құлар
-ды,
Күн
-түн демей зар еңіреп жылар
-ды.
Жоғалтар ед патша болған кісі есін,
Талақ қылып тәж, тақ, пайтақ, кісесін,
Тал бойынан таппай титтей шыдамды,
Күн деместен, түн деместен жылар
-ды.
Гүлді бақша күз келерін білсе егер,
Құс тұзақта
– түзде өлерін білсе егер;
Отау түні
– жаңа үйленген қос ғашық
Жүрегіне бұл сағыныш кірсе егер;
Бақшадағы тал, гүл түгіл, тас малтып,
Құс жылар ед ұшуынан бас тартып.
Отау түні айқаласпай қос ғашық,
Еңірер ед жанарында жас балқып.
Залымұлы көрсе осынау зұлымды,
Ажал егер ести қалса бұл үнді,
Жәләладдин алса жаннан тығынды,
Соғыс, сұмдық жас боп тұнып көзіне,
Залымұлы түсер еді тезіне.
Ажал сонда қарап тұрып өзіне,
Боздар еді бордай болып езіле.
Жәләладдин
– жүрегі тас болса да,
Көз жасына шөл қанар ед қаншама.
Не боларын білсе егер де құмыра,
Табыт білсе
– кім жатарын соңыра,
Қанса хайуан бір тамшы оның сырына,
Құмыра онда бар күмісін тәрік қып,
Жылар еді көз жасына ғарық қып.
Еңкілдер ед иықтары селкілдеп,
Қопарыла тұрып алып табыт тік.
Еңірер ед мысық, жылқы, өгіздер,
Көз жасына өлшем болмай
– теңіздер.
Ажал келіп қуырғанда апшысын,
Тәтті жаның татар өлім ащысын.
Ал сол сәтте жыламасқа шараң не,
Өлімге дос қимағанмен жақсысын
Бұл дүния баяғыша кәртамыш,
Шетсіз-шексіз көрінгенмен арпалыс,
Ажырасу күйігін бір тартамыз,
Өлмей тұрып өліміңмен бол таныс.
Соқты сағат! –
Бас бұр мейлі, бас бұрма,
Қалдым сөйтіп топырақтың астында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter