Өлеңдер ✍️

ӨКІНІШ
Дүние
-байлық боп тұмарым,
Іздедім тән от
-құмарын.
Ей, Жалғаншы, соқтырарың
Ойран екенін білмеппін.
Төктім қанша беттің арын,
Баянсызға кетті нәрім,
Аялдайтын жоқ тұрағым
Сайран екенін білмеппін.
Білместікке шатылғасын
,
Белгілі ғой сақынбасым
–
Тіршіліктің татын, насын
Қайғы қылдым, бәй, бәй!
Уа, дариға, асыл жасым!
–
Зайғы қылдым, ойбай!
Сор қайнаған ғафыл басым
Надан екенін білмеппін.
Дүние
-байлық
– харам екен,
Оны қуған надан екен.
Пасықтықты үлгі қылған
Перғауын мен Һаман екен.
Рахат дүния мың құбылған
–
Жан мен тәннің араны екен.
Бостан
-бағы алабөтен
Зындан екенін білмеппін.
Не пайда бар тыққанымнан?
Қандай қайыр жұтқанымнан?
Хан, сұлтанға құлдық ұрып
Кіргенімнен, шыққанымнан?
Кіл қансорғыш жебірлерді
Әділ, адал тұтқанымнан?!
–
Бұл тірлігім
– пұтқақұлдан
Әрмән екенін білмеппін.
Күні
-түні жан ұрғаным
–
Хайуан
-нәпсі қамындамын.
Неше тірлік нығыметін
Жар шаштым да қабылдадым.
Осынша жыл сабылғаным,
Бақ
-дәулетке малынғаным
–
Жасап жүрген бәрін залым
Шайтан екенін білмеппін.
Бар асылды тегін де алдық,
Ордамыздың төрін малдық.
Сайқал қатын сықылданған
Сиқырына ерін малдық.
Алтын, күміс, егін, мал ғып
Берді уәде – сөзін бал ғып.
Уағыдасы оның барлық
Жалған екенін білмеппін.
Тәнде – былық, жанда – күнә,
Көз салмадым алдағыға.
Мән бермей Дос арманына,
Түстім жәһіл қармағына.
Дінді тастап, дүниені аңсап,
Ендім шайтан шарбағына. –
Дін Ислам ақ жолына
Нұқсан екенін білмеппін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇