Өлеңдер ✍️

ЖАСЫЛ ҚҰС
«Лә иләһа илл-Алла» – тағаты бар
Құл аузынан жасыл құс шығады ұшып.
Дүр-жақұттан тоқылған қанаты бар,
Қарсы алады ғаршылар құрақ ұшып.
Мың тіл берген ол құсқа әмірімен,
Құлды тілер бар тілмен Тәңіріден.
Дәргейіне жабысып, зар-үнімен:
«Жарылқа!» – деп күндіз-түн қылады ышық.
Ұқпас сырын надандар – зая-күмән,
Ей, достарым, сол құстың аянынан
Мен айтайын, тыңдаңыз баянынан,
Жәннатқа ертіп кірген соң табар тыныш.
«Дар – аламан* бергенше Қадір маған
Бір тынбаймын, – дейді құс, – небір заман».
Шақта ғана зарын Жар қабылдаған,
Сонда қонар жайғасып, алар тыныс.
Ғибадатқа жүрегін жалғамаған
Халің мүшкіл, ғафыл боп қалған адам.
Машайықтар сахарда «Алла-лаған»
Хақ Дидарын көреді, бақ қонады.
Міскін Ахмет Ясауи иланғалы,
Тілге алғалы: «Лә иләһа илл-Алланы» –
Хақ зікірі – Жан, Ділге құйған нәрі,
Ла маканда* сол құсқа тап болады.
------------------
Дар – аламан* – сенімді орын, тыныштық үйі.
Ла макан* – АЛЛА – мекенсіз; бұл жерде Құдайдың мекенінде деген мағынада.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇